Татарстанда түркі әлемінің ағаш шеберлері бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 19-20 желтоқсан күндері Татарстанның Ғылым академиясында «Түркі әлеміндегі ағаш жону өнері: өткені мен бүгіні» тақырыбында халықаралық симпозиум өтеді, деп хабарлайды TWESCO сайты .

Татарстанда түркі әлемінің ағаш шеберлері бас қосады

Шараны ТР ҒА Ғ.Ибрагимов атындағы тіл, әдебиет және өнер институты мен Өнертанушылар қауымдастығының татар бөлімі (ТатАИС) ұйымдастырады.

Симпозиум түркі халықтарының материалды және рухани мұрасын насихаттау және дамыту мақсатында Ғ.Ибрагимов атындағы тіл, әдебиет және өнер институты 2008 жылдан бері жүргізіп келе жатқан «Түркі әлемінің өнері» циклдіқ жобасы шеңберінде өткізіледі.

Халықаралық іс-шара 2 күнге жоспарланған. Бірінші күні ғылыми-практикалық конференция өтсе, екінші күні қатысушылар суретшілер мен еріктілерге арналған шеберлік сабақтарына қатысып, ағаш жонудың заманауи үрдістеріне арналған көрме жұмысымен таныса алады.

Симпозиум жұмысы негізінен ағаш шеберлерінің дәстүрлері мен бүгінгі дамуы, көрме ісінің менеджменті мен PR-технологиялары, музей коллекцияларының анализі және этнотуризм мәселелері бағытында жүреді деп жоспарлануда.

Аталған жиын туралы толығырақ мына сілтемеден білуге болады.