Татарстанда «Ұлы Болгар» фестивалінің қонақтары 200 рыцарь қатысатын жекпе-жектердің куәсі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 және 16 тамыз аралығында Татарстанда өтетін "Ұлы Болгар" тарихи фестивалінде қонақтар 100 рыцарьға қарсы 100 рыцарьдың ауқымды кездесулерін көре алады, деп хабарлады ТАСС Татарстанның туризм бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасы Сергей Ивановқа сілтеме жасап.
None
None

"Қылыш, балта ұстаған 100 адам мен дәл солай жарақтандырылған 100 адамның жекпе-жегін көзге елестетіп көріңіз. Олардың міндеттері жеңіске жету. Бұл тартымды көрініс болмақ", - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, фестиваль Ресейдегі ең ауқымдыларының бірі болмақ. "Биыл шамамен 25 мың қонақты күтіп отырмыз. Бұл өткен жылғыдан еке есеге дерліктей көп. 30-ға жуық аймақтан қатысушылар келеді", - деді Иванов. Сондай-ақ, Израиль мен Украинадан тарихи клубтардың өкілдері күтіліп отырғанын айтты.

Сонымен қатар ол мұнда XIII-XIV ғасырлардағы, Волга Булгариясының өркендеуі кезеңіндегі көрініс болатынын еске салды.

Болгар мемлекеттік тарихи-сәулет мұражай-қорығы 1969 жылы құрылған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум