Татарстандағы жантүршігерлік апат: 10 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат -Татарстанда Заинск қаласына жақын маңда «КамАЗ» көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарынан он адам қаза тапты.
Бұл туралы өңірдің ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, 10 адам мерт болған. Шұғыл тергеу-іздестіру тобы жұмыс істеуде»,-деп хабарлады баспасөз қызметінен. Ажақ құшқандардың ішінде екі бала бар.
В Заинск ауданында төтенше жағдай режімі енгізілді.
Апат орнына Татарстан премьер-министрі Алексей Песошин мен өңірдің ІІМ Рафис Хабибуллин ұшып кетті.
Фото:Главное управление МЧС России по Татарстану