Татарстанның халықаралық әуежайына Ғабдулла Тоқайдың есімі берілді

ҚАЗАН. ҚазАқпарат - «Қазан» халықаралық әуежайына танымал татар ақыны Ғабдулла Тоқайдың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Татар-информ» агенттігіне сілтеме жасап.

Татарстанның халықаралық әуежайына Ғабдулла Тоқайдың есімі берілді

Бүгін РФ Президенті Владимир Путиннің 2018 жылдың 28 қарашадағы «Жеке географиялық нысандарға Отанға сіңірген еңбегі бар тұлғалардың есімдерін беру туралы» бұйрығы жарияланғандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Ғабдулла Тоқай - татар халық ақыны, әдеби сыншы, публицист және аудармашы. Ол татар тілі мен әдебиетінің негізін салуға атсалысып, поэзия мектебін ашқан. Бүкіл ғұмырын татар халқына қызмет етумен өткізген.