Тәтті сусындар адамның қартаюын тездетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандар зерттеу нәтижесіне негізделе отырып, «Тәтті сусындық қартаю барысын тездетеді, оның адам ғұмырына тигізетін кесірі спирттік сусындармен бірдей, сусындық тәтті болған сайын, оның адам денесіне жасайтын ықпалы зор болады» деген қорытындыға келген.

Тәтті сусындар адамның қартаюын тездетеді

Бұл туралы массагет.кз жазады.

Тәтті сусынды тұтынған кезде адам денесіне екі бірдей қысым түседі екен. Мұның бірі, тәтті сусындар адам денесінің зат алмасуын бей-берекет күйге келтіріп, адамды тез семіртеді. Енді бірі, осындай сусындардың көбінің құрамы жасушаның қартаюын тездедеді.

Бұл қорытынды шамамен 5000 ерікті қатысқан сынақ арқылы расталған, сынаққа ерікті қатынасушылардың жасы 20-65 жас аралығында болып, олардың зат алмасуы, жүрек және қан тамырларының қызметі түгелдей жақсы болған. Мерзімді уақыт бойынша сынақ жүргізу арқылы үнемі тәтті сусынды тұтыну адам денесіндегі жасушалардың қартаюын тездететіні расталған.

Зерттеу нәтижесі бойынша, тәтті сусындықты көп тұтынатын адамдар әдеттегі адамдардан 5 жыл аз жасайды екен.