Тәттіге құмарлық адамның психикасына кері әсер етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәттіні мөлшерден тыс пайдалану тек салмақ жинауға ғана әсер етпейді екен, ол сонымен қатар күйзеліске, депрессияға әкеледі деп есептейді мамандар. Себебі печенье, балмұздақ сынды тәтті тағамдардың құрамында болатын фруктоза психикаға кері әсерін тигізеді.
None
None

Бұған дейін фруктоза обыр, қант диабеті, жүрек, бүйрек, қан тамырлары ауруларын тудыратындығы анықталған. Ал жақында Эмори Университетінің ғалымдары фруктозаға бай тағамдар адамның психикасына кері әсерін тигізетіндігін, күйзеліске ұшырататынын анықтады. Ал адам күйзеліске бейім болса қан қысымы жоғарылайды, осыдан жүрек талмасы, инсульт сынды аурулар туады. Сондай-ақ фруктоза адамның иммундық жүйесін бұзады, қартаю процесін жеделдетеді.

Сөздеріне дәлел ретінде ғалымдар тышқандар арасында зерттеу жүргізіп көреді. Тышқандардың бір тобына кәдімгі тағамдарды берсе, екінші тобына құрамында фруктоза мол тағамдарды береді. 10 апта өткен соң тексеру барысында фруктозаны көп жеген тышқандарда күйзеліс гормоны көп бөлінгені анықталған, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар