Тату-тәтті бірлікте өмір сүрейік - Димаш Құдайберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал әнші Димаш Құдайберген тыңдармандарын 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

«Бәріміз бір шаңырақтың астында өмір сүреміз! 1 мамыр -ынтымақ, бірлік күні құтты болсын!!! Түріміз басқа тірегіміз бір, Жүзіміз басқа жүрегіміз бір - тату-тәтті бірлікте өмір сүрейік!!!», - деп жазды әнші өзінің жеке парақшасына .

Өз кезегінде қытайлық жанкүйерлер Димашқа жылы киініп жүр, көбірек тамақ іш, өзіңді күт деп кеңес берді және әншіні сағынғандарын, оның Қытайға келуін тағатсыздана күтіп жүргендерін жеткізді.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген MTV Music Awards сыйлығына ұсынылды және жақында ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің «Телерадио және PR» кафедрасының доценті Оңайгүл Тұржан қытайлық фанаттар ерекше қызығушылық танытқан «Димаш» атты кітапты жарыққа шығарды. Онда Димаштың бала кездегі өмірге көзқарасы,әншілік шеберлігін ұштауы, ата-анасынан бойға сіңірген қасиеттері, «Singer» байқауы мен қытай көрермендерінің өзіндік ерекшеліктері туралы айтылған.

Соңғы жаңалықтар
telegram