Тау қарынан қауіп бар ма

Швейцариядағы әйгілі тау шаңғысы курортында қар көшкіні жүріп, үш адам қаза тапты
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» мамандары бірқатар өңірде тауларды әлі де қар басып жатқанын хабарлады. Егер күн күрт жылынып, жауын-шашын молынан түсер болса су тасқыны туындауы мүмкін.

«Қазгидрометтің» болжауынша, алдағы күндері еліміз бойынша жауын-шашын күтіліп отыр. Табиғи құбылыс нормадан жоғары болуы мүмкін. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде жаңбыр жауып, артынан қар түседі деп болжануда. Еліміз бойынша желдің жылдамдығы да артпақ. Сәуір айының екінші онкүндігінде Қазақстанның барлық аумағында күн 20-22 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде.

«Метеостанциялардағы ұзақ мерзімді бақылауларға сәйкес, бір айлық жауын-шашын бір күнде түсіп, қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар орын алуы мүмкін. Температураның жоғарылауы және жауын молынан түскен жағдайда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендердің бойында қатты жаңбырлы су тасқыны болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар