Тау-кен металлургия саласындағы 50 ірі кәсіпорынның өндірістік жабдықтары 74% тозған

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылдан бері өнеркәсіп саласында өндірістерді жаңғырту үшін 433 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты.

Ерсайын Нагаспаев
Фото: ҚР Үкіметі

— Өндірістік жабдықтарының тозу деңгейі 74%-ға жеткен тау-кен металлургия саласындағы 50 ірі кәсіпорын тізімі жасалды. Аталған кәсіпорындардың қызметін тиімді бақылау үшін технологияны қайта жабдықтандыруға бағытталған Бақылау картасы әзірленді, - деді ол Үкімет отырысында. 

Сондай-ақ министр былтырдан бері салаға қомақты қаржы құйыла бастағанын атап өтті. 

— Өткен жылдан бастап кәсіпорындарды қайта жаңғыртуды көздейтін іс-шараларға айтарлықтай қаржы бөле бастады. Мысалы, техникалық жағдайды қолдауға 83 миллиард теңге, жаңғыртуға 202 миллиард теңге, өндірістерді кеңейтуге 148 миллиард теңге салды, - деді Ерсайын Нағаспаев. 

Айта кетейік, бұған дейін өткен жылы еңбек жағдайындағы оқыс оқиғалардан 202 адам қаза болғаны жайлы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар