Тау-кен өнеркәсібі өнімдерінің бағасы өскен кезде мемлекет салаға салынатын салықты ұлғайтатын болады - Премьер-Министр
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Тау-кен өнеркәсібі өнімдерінің бағасы өскен кезде мемлекет салаға салынатын салықты ұлғайтатын болады.
Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан тау-кен металлургия қызметкерлерінің ІІ съезінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кен Қазақстан халқына тиесілі. Сіздер оны уақытша пайдаланып отырсыздар, ол сіздердің меншіктеріңіз емес. Сондықтан дағдарыс жағдайында салық төмендетілді, сөйтіп біршама қысым жойылды. Алайда тау-кен өнеркәсібі өнімдерінің бағасы өскен кезде, мемлекет ренттің бір бөлігін жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықты көтеру есебінен қиятын болады», деді Үкімет басшысы съезде. «Өз рентабельдіктеріңізді еңбек өнімділігін жақсарту, жаңа технологяларды енгізу есебінен арттырыңыздар. Бағаны конъюкторлық арттыру есебінен рентаның бір бөлігін біз алып тастайтын боламыз, ал жағдай нашарлайтын болса біз бұл шекті жіберетін боламыз. Позиция осындай, ойларыңызда болсын», деп тұжырды сөзін Үкімет басшысы.