Тауарды қайта өңдейтін кәсіпкерлерге мемқызмет көрсету мерзімі қысқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тауарларды қайта өңдейтін кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің қорытындысы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдерін 23 жұмыс күннен 8 жұмыс күнге дейін қысқартылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті толығымен электрондық форматқа көшірілді. Құжат формасы ҚР Кеден кодексіне сәйкес келтіруде ақпараттық жүйе пысықталды және 2018 жылғы 29 желтоқсанда «Е-лицензиялау» порталында «Тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру» жөніндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметінің автоматтандырылған бизнес-процесі іске қосылды», - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, бұл көрсетілетін мемлекеттік қызмет тауарларды ЕАЭО кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеуді іске асыратын кәсіпкерлерге тауарларды кедендік әкету және әкелу баждарын төлемей тауарларды әкелуге және әкетуге мүмкіндік береді.

ҚР Үкіметі 2018 жылы 28 маусымда қаулы қабылдады. Ол тауарларды ЕАЭО кедендік аумағында/аумағынан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттардың нысандарын және тауарларды ЕАЭО кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты толтыру мен беру, қағидаларын өзгертуді көздейді.

Министрлік 2018 жылғы қыркүйекте № 671 «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 906 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы қабылдады. Онда мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін және мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық форматқа ауыстыру көзделген.

Соңғы жаңалықтар
telegram