Тауарлар халыққа делдалдарсыз тікелей жеткізілу қажет - Мемлекет басшысы

;АЛМАТЫ. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шенеуніктер нақты істермен айналысуы керек.

Тауарлар халыққа делдалдарсыз тікелей жеткізілу қажет - Мемлекет басшысы

Елбасы бүгін қазақстандықтармен тікелей желі арқылы сұхбаттасқан кезде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.,

 «Мен Алматыдағы «Арзан» дүкенінде болдым. Тауарлар онда 15-20 пайызға арзан. Қазір қалада мұндай 10 дүкен бар. Оған тауарлар тікелей өндірісшілерден жеткізіледі. Райымбек тобының мұндай дүкендері Қазақстанның барлық өңірінде болу керек», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Күзгі жиын-терін кезінде жанар-жағармай бағасының қымбаттауы әдетке айналып кеткені шындық.  Елбасы бүкіл әлемде мұнай бағасы арзандап жатқанда, бізде бағаның көтерілуіне байланысты атқарушы органдарға  осы керағарлықтың  жай-жапсарын анықтап, қорытындысын баяндауды тапсырды.