Тауарлар контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың 22 мүшесі сотталды - ҚР Бас прокуратурасы

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бас прокуратураның арнайы прокурорлары тергеген осы қылмыстық іс бойынша құрамында 4 шекара қызметкері бар Қазақстан мен Қырғызстанның 22 азаматы сотқа берілді, олар шекара арқылы халық тұтынатын тауарларды заңсыз тасымалдаған. Осы топты а.ж. сәуір айында 14 жүк автокөлігімен шекараны заңсыз кесіп өткен кезде шекара қызметі ұстады.
Сараптама қорытындысы бойынша, халық тұтынатын тауарлардың кедендік құны 162 млрд. теңгені құрады. Контрабандалық тауарлардың барлығына тыйым салынды.
Үш айдан астам уақыт бойына бірінші сатыдағы сотта екі прокурор мемлекеттік айыптауды қолдап, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің кінәсін дәлелдеді.
Мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 2015 жылғы 24 шілдедегі үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдегі жазаға сотталды. Заттай айғақ ретінде танылған халық тұтынатын тауарлары бар 14 жүк автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.