Тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алуда қазақстандық үлесті ұлғайту мәселелері бойынша жұмыс тобының кеңесі өтті ? ҚР Үкіметі

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы желтоқсанның 5-індегі шетелдік инвесторлар Кеңесінің жиырмасыншы жалпы отырысында тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алуда қазақстандық үлесті ұлғайту туралы берген тапсырмаларына сәйкес мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры өкілдерінен құралған жұмыс тобының кеңесі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмыс тобы ұйымдардың сатып алуында қазақстандық үлесті бағалаудың бірыңғай әдістемесін бекіту, мемлекеттік сатып алу туралы заңдылық нормалары бұзылғаны үшін жауапкершілікті жүктеу, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сатып алу ісінде қазақстандық үлесті мониторингілеу жүйесін ретке келтіру, тауарлардың қайдан шығарылғаны туралы сертификатты беру тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеп жатыр. Нормативтік құқықтық базаны ретке келтіру мен нақтылаудан өзге жұмыс тобы мақсатының бірі ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушыларда сатып алу үдерісінің ашықтығын көтеру болып табылады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқатын қорына кіретін ұлттық компаниялардың сатып алуларының орта мерзімді жоспарларын жариялау көзделуде. Жұмыс тобының алдағы отырыстарында ұйымдар мен мемлекеттік органдардың сатып алуларында қазақстандық үлесті ұлғайтудың жүйелі мәселелерін әрі қарай дайындау және мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен облыстық жергілікті атқарушы органдардың тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алуда қазақстандық үлестің жағдайы туралы есептерін тыңдау жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар