Тауарлық биржада жасалған мәмілелердің трансферттік баға белгілеуіне бақылау енгізілмек

Тауарлық биржада жасалған мәмілелердің трансферттік баға белгілеуіне бақылау енгізілмек
Фото: pexels.com

Елімізде тауарлық биржада жасалған халықаралық мәмілелердің трансферттік баға белгілеуіне бақылау енгізілмек, деп хабарлайды Kazinform. 

«Бүгінде тауарлық биржаларда жасалатын мәмілелерге бақылаудың жоқтығы экспорттаушыларға тауарлық биржа арқылы өнімін нарықтан төмен бағамен сатуға мүмкіндік беріп отыр. Аталған заң (бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы) қабылданғаннан кейін өкілетті орган республиканың тауарлық биржаларында жасалған халықаралық мәмілелерге бақылауды өзіне қайтарып алғысы келеді», - деді агенттік тілшісінің сауалына жауап берген Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов.

Осы орайда ол елімізде қанша тауарлық биржа жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта еліміздің аумағында 10-нан астам тауарлық биржа жұмыс істейді. Оларда жасалған мәмілелер өкілетті органдардың тарапынан монитрингтен өтіп, салықтық тексеру жүргізілетін болады. Бұл өзгертулер бюджеттік кіріс бөлігіне оң әсерін тигізеді. Өйткені ендігі уақытта экспорттаушылар тауарларын төмендетілген бағамен сата алмайды», - деді Мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар