Тауарлы-сүт фермаларына арзан несие беріледі - форум
«Қазір барлық ел қолдау шараларына бет бұрды. Мұның үстіне оның пайдалы да, зиянды да тұстары бар. Осындай жағдайда жұмыс істеу біршама ауыртпалық тудырады. Сонымен қатар энергетикалық дағдарыс, азық-түлік дағдарысы қалыптасуда. Осыған орай бізге реформалар керек. Бірінші реформа – әрине, ауыл шаруашылығында. Сүттен бастайық. Бізге ең алдымен статистиканы ретке келтіру қажет болады. Сүт жетіспейтіндігін мойындағанымыз жөн. Оның көлемін анықтап, тұрақты субсидияға кепілдік беру қажет», - деді Серік Жұманғарин.
Оның атап өтуінше, тауарлы-сүтті мал шаруашылығын дамыту қажет. Жем-шөп базасы жеткілікті шаруашылықтардың арасынан чемпиондарын анықтау керек.
«Бұл мақсатта, яғни, мал басын молайтып, тауарлы-сүт өндірісін ұлғайту үшін арзан ақша бөлетін боламыз. Бұл мысалдардың бірі ғана. Сонымен қатар қызыл ет, құс етін өндіруде де осындай іс-шаралар керек. Бұл – реформа. Себебі нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржыландырудың қатаң бағыты болады», - деді ол.