Тауарлық газдың бір жылға арналған шекті құны бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «ҚР ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тауарлық газдың бір жылға арналған шекті құны бекітілді

Құжатқа сай, биыл 1 шілдеден 2024 жылдың 30 маусымына дейін ішкі нарыққа арналған 1 000 текше метр тауарлық газдың көтерме саудадағы шекті бағалары мына көлемде бекітілді:

- Астана қаласы бойынша - 27 052 теңге;

- Алматы қаласы бойынша - 25 103 теңге;

- Шымкент қаласы бойынша - 26 197 теңге;

- Ақмола облысы бойынша - 27 052 теңге;

- Ақтөбе облысы бойынша - 8 478 теңге;

- Алматы облысы бойынша - 25 103 теңге;

- Атырау облысы бойынша - 9 643 теңге;

- Батыс Қазақстан облысы бойынша - 14 637 теңге;

- Жамбыл облысы бойынша - 23 855 теңге;

- Жетісу облысы бойынша - 25 103 теңге;

- Қарағанды облысы бойынша - 27 052 теңге;

- Қостанай облысы бойынша - 22 387 теңге;

- Қызылорда облысы бойынша - 10 113 теңге;

- Маңғыстау облысы бойынша - 18 300 теңге;

- Түркістан облысы бойынша - 26 197 теңге;

- Ұлытау облысы бойынша - 27 052 теңге;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 7 563 теңге

Сонымен қоса, тиісті бұйрықпен Қазақстанның ішкі нарығында сығымдалған және сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газдың шекті бағасы да бекітіді.

1 шілдеден 2024 жылдың 30 маусымына дейін кәсіпорындарға арналған 1 000 текше метр тауарлық газдың ең төменгі құны былай белгіленді:

- Астана қаласы бойынша - 36 135 теңге;

- Алматы қаласы бойынша - 44 378 теңге;

- Шымкент қаласы бойынша - 41 158 теңге;

- Ақмола облысы бойынша - 36 135 теңге;

- Ақтөбе облысы бойынша - 16 349 теңге;

- Алматы облысы бойынша - 44 378 теңге;

- Атырау облысы бойынша - 11 427 теңге;

- Батыс Қазақстан облысы бойынша - 15 065 теңге;

- Жамбыл облысы бойынша - 40 879 теңге;

- Жетісу облысы бойынша - 44 378 теңге;

- Қарағанды облысы бойынша - 36 135 теңге;

- Қостанай облысы бойынша - 33 627 теңге;

- Қызылорда облысы бойынша - 29 181 теңге;

- Маңғыстау облысы бойынша - 18 300 теңге;

- Түркістан облысы бойынша - 41 158 теңге;

- Ұлытау облысы бойынша - 36 135 теңге;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 7 563 теңге

Тиісті бұйрық келер айдың алғашқы күнінен бастап күшіне енеді.