16:21, 10 Мамыр 2017 | GMT +5
Таудан құлаған тастар Жазы өзенінің суын тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ош облысында тасқұлама Жазы өзенінің суын тоқтатып тастады, деп хабарлайды Кабар Қырғызстан Республикасы Көлік және жолдар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тасқұлама 8 мамыр күні сағат 22:00-де Мырзаке-Кара-Шоро тасжолының 47 шақырымында болған. «Таудан құлаған тастар Жазы өзенін бөгеп тастады. Өзендегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан тасжолды су алып, көлік қозғалысына кедергі келтірді», - деп атап өтті ТЖМ.
Қазіргі таңда Қырғызстанның ТЖМ-ы тасқұламаның келтірген залалын қалпына келтіріп, Жазы өзенін тастан тазарту жұмыстарын жүргізуде.