Тәуелсіз Қазақстанның төл әліпбиі бекіді - Оразкүл Асанғазықызы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Қазақстанның төл әліпбиі бекіді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бүгін қуанышты күн. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында аталған мәселе көтерілгеннен кейін Қазақстан халқының барлығы латын әліпбиіне көшуді қолдады. Үкімет не болмаса Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ғалымдары ғана емес сонымен бірге латын әліп өзінше дайындаған азаматтар көп екені белгілі. Міне, осындай ұсыныстардың түсуінің өзі үлкен қолдау болды», - деді ол.

Оның айтуынша, Елбасының Жарлығымен Премьер-Министр бастаған арнайы комиссия құрылып, егжей-тегжейлі жұмыс атқарды.

«Бүгін сіздерге айтарымыз, тәуелсіз Қазақстанның төл әліпбиі бекіді. Енді бүкіл Қазақстанның мақсаты, жұмысы біреу ғана болуы керек. Ол - осы  әліпбиді анау-мынау екен демей, үйрену, жазып қолдану», - деді Оразкүл Асанғазықызы.

Соңғы жаңалықтар