Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты-сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біз, қазақстандықтар және бүкіл әлем саяси өсудің бірегей траекториясын және Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылық позициясының өзгеруін байқадық. Ұлт көшбасшысы ретінде Тұңғыш Президент қазақстандық қоғамның саяси және экономикалық тұрғыдан бейімделуінің негізгі факторы ретінде әрекет етеді. Ұлт көшбасшысы тек кәсіби көшбасшы, көшбасшы-қызметкер немесе жалдамалы менеджер ғана емес. Қоғамды жүйелі жаңғырту жағдайында Ұлт Көшбасшысына күрделі саяси-идеологиялық миссия -жаппай сананың патерналистік көңіл-күйден «білікті азаматтықтың» дербес, толыққанды, саналы көңіл-күйге көшуіне ықпал ету жүктелді»,-дейді институт директоры.

Оның сөзінше, Н.Ә. Назарбаевтың саяси көшбасшылық пен идеологиялық өзегі - ұлттық сана-сезімнің сапалы өсуі, ұлт рухының нығаюы. Посткеңестік елдердегі аға ұрпақтың адамдары, егер СССР президенті Горбачев емес, Назарбаев болса, Кеңес Одағының ыдырауы, Беловеж түбегі болмайтынына сенімді. Көшбасшылар қоғам өміріндегі аса күрделі кезеңдерде өздерін танытады.

1989 жылдың жазында СССР-де мыңдаған адамның қатысуымен болған ереуіл қозғалысының толқыны көтеріліп, Қарағанды көмір бассейніне дейін жетті. 19 маусым 1989 жыл. Қарағандыда шахтерлердің ереуілі. Алаңда мыңдаған адам жиналған митинг өтті. Эмоциялар, атмосфера шиеленісті.

Шахтерлерге сенімді, тыныш және құрметпен: «Мен Назарбаевпын. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысымын. Өздеріңіз білесіздер, мен бұл қызметте тек 20 күн ғана жұмыс істеймін».

Бұл Кеңес Республикасы басшысының алғашқы қиын 20 күні болды. Ал алда оны он жарым мың күннен астам күрделі уақыт күтіп тұрды, бірақ - егемен мемлекеттің Президенті лауазымында. Белгілі социолог А. Дж. Тойнби «кез келген қоғамда белсенді азшылықтың басында болуға және қоғамды стагнациядан шығаруға қабілетті күшті тұлға тууы мүмкін». Саяси көшбасшылар өз болашағының және оның жолының негізінде ұлт рухын оятуға және қоғамдық сананы оларды іске асыруға жұмылдыруға қабілетті өркениетті дамудың стратегиялары мен парадигмаларын құрады.

Тәуелсіздік қазақстандықтар үшін бірегей тарихи мүмкіндік ашты - заманауи және ең бастысы, табысты ел құруға қатысу. Қазақстан тек қиындықтарға төтеп бермеді, ол мемлекет ретінде аяғына нық тұрды. Қазақстанға қиын саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік берген қазақстандық мемлекеттіліктің өзегі - бұл мықты Көшбасшы.

Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Ә. Назарбаев инновацияны дәстүрмен, беделмен, өмірлік даналықпен және зор прагматизммен ұштастыратын саяси көшбасшының үлгісі. Табиғи дарын мен жеке қасиеттерден басқа, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қуатты әлеуметтік-саяси және көшбасшылық капитал жинақтады.

Ресейлік экономист А. Спицын «Оның өмірлік жолын саралай отырып, міндетті шарттар жиынтығын жақсы түсінесің, онсыз бүгін Н.Ә.Назарбаев беделді көшбасшы болмаушы еді. Осы міндетті шарттар, кем дегенде, екеу. Біріншіден, елдің, халықтың қажеттіліктерін барынша дәл және органикалық сезінуге мүмкіндік беретін ерекше адами сезім тән болуы тиіс. Екінші шарт уақыт барысын, үрдістерді алдын ала болжай білу, соның арқасында қоғам мен саяси институттар дұрыс таңдау жасайды».

Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды супердержаваның құлдырауынан кейінгі дағдарыстан алып шығып, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірген жаңа табысты тәуелсіз мемлекет құрды, әлемдік ауқымдағы танымал көшбасшы атанды.

Соңғы жаңалықтар