«Тәуелсіз Шығыс Түркістан» белсенділері полицей әйелді пышақтап өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде әйел полицейді өлтіріп кетті. Мотоциклге мінген белгісіз екі адам полицей әйелді қуып жетіп, пышақтап кеткен, деп хабарлады ТАСС.
Салдарынан билік өкілі ажал құшты.
Шыңжаңда бірқатар сепаратистік топ әрекет етеді. Олар «Тәуелсіз Шығыс Түркістан» атын жамылып, қылмыс жасайды. Бұл қайғылы оқиға - суық қару және жарылғыш құрылғыларды қолдана отырып тұрақты түрде жасалатын лаңкестік әрекеттердің бірі.