Тәуелсіз және шынайы сот-сараптама қызметі жетілдіріледі - Сенат комитеті

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Аталған құжат 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.
None
None

Жобаны әзірлеудің мақсаты тәуелсіз және шынайы сот-сараптама қызметін іске асыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру болып табылады. Осыған байланысты, заң жобасымен сот-сараптама қызметінің негізгі ұғымдары нақтыланып, сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, күшін тоқтату және күшін жою нормалары нақтыланады. Сот-сараптамасы туралы заңның баптары арасындағы өзара қайшылықты ережелерді нақтылау қарастырылады.

Комитет бүгін сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Заң жобасы еліміздің әртүрлі заңнамалық актілеріндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық, азаматтық іс жүргізу және әкімшілік саладағы заңнамадағы құқық нормалары арасындағы олқылықтар мен коллизияларды жоюды көздейді. Бұдан бөлек, қолданыстағы заңнаманы ескірген және бірін-бірі қайталайтын ережелерден арылту, құқықтық реттеудегі олқылықтарды толықтыру, заңдағы ішкі қайшылықтарды жою ұсынылып отыр.

Заң жобалары палатаның жалпы отырысына шығарылады.

Соңғы жаңалықтар