Тәуелсіздік күні «Астана Операда» ұлттық музыканың жауһарлары шырқалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Үлкен залында еліміздің басты ұлттық мерекесі - Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған гала-концерт өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Мерекелік кешке «Астана Опера» симфониялық оркестрі, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының халық аспаптар оркестрі және «Астана Опера» театрының концерттік хоры, Астананың Мемлекеттік филармониясы мен Қазақ ұлттық өнер университетінің хоры қатысады.

Сахнада классикалық вокал шеберлері, «Астана Опера» театрының солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина, Жанат Шыбықбаев, Жан Тапин, Арменияның халық артисі Барсег Туманян, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Қапонова, Талғат Галеев, Болат Есімханов, Татьяна Вицинская, Салтанат Мұратбекова, Гүлжанат Сапакова, Мадина Исламова, Назым Сағынтай, Елена Ганжа, Рамзат Балакишиев және ағы да басқа өнер иелері елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ұлттық музыка, Қазақстан халықтарының әндері, опера классиктерінің жарқын туындылары, сондай-ақ шетелдік композиторлардың танымал туындыларын ұсынады.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - еліміздің әрбір азаматы үшін ең маңызды мереке. Тәуелсіздік біздің халқымыз үшін айрықша маңызға ие. Біз Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің басталуына куә болдық. Сондай-ақ, қазақстандық мәдениет пен өнердің өркендеуіне куә болып келе жатқанымызды атап өткім келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана және көреген саясатының арқасында Қазақстан тұрғындары бүгін үлкен перспективаға ие», - деді маэстро Руслан Баймурзин.

Концерт сағат 17:00-де басталмақ.            

Соңғы жаңалықтар