Тәуелсіздік күні атыраулықтар «Елбасы жолы» фильмін тамашалады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне «Елбасы жолы» фильмі көрсетілді. Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен кинофильм көрсетілімін 200-ге жуық көрермен тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Көрермендер фильмді көргеннен кейінгі әсерлерімен бөлісті.

«Сол кездегі тарихи жағдай, Елбасының Астана ауысқан кездегі басты бағдары қандай болды, қандай қиындықтар кездесті -  соның бәрін фильмнен көрдік.  Астана - XX - XXI  ғасырлардағы салынған әлемдегі бірегей елорда, әдемі де жайлы қала. Фильм арқылы  Елорданың қалай салынып, қалыптасқанына куә болдық», - дейді Атырау қаласының тұрғыны Майра Таукеева.null 

Фильмнің алғашқы көрсетіліміне қатысқан Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев та жылы пікір білдірді. 

«Бұл туындыда жаңа Астана салынған кездегі барлық қиыншылықтар, осы жолдағы Елбасымыздың қол жеткізген табыстары жайлы айтылады. Мен кинофильмнен керемет әсер алдым, оның бәрін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мемлекет басшысының астананы ауыстыру туралы шешімі алысты болжаған өте ақылды қадам болды, бүгінгі Астана - әлем астаналары арасында ең әдемі, заманауи елорда ретінде белгілі. Бас қаладағы сәулетті ғимараттарды Атырауда да салу жоспарда бар. Уақыт тауып, осы көрсетілімге келген баршаңызға алғыс айтамын, фильм өте қызық болды», - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

 

 

Соңғы жаңалықтар