Тәуелсіздік күні қарсаңында Тұңғыш Президент музейінде балаларға арналған шаралар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -11 желтоқсан күні Астана қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы және Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып, бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлады astana.kz.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Тұңғыш Президент музейінде балаларға арналған шаралар өтеді

«Көп жылдан бері бірлесе атқарып жүрген жұмыстардың нәтижесі ретінде Балаларды қорғау күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Түрлі-түсті мозаика» шығармашылық фестивалін және ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында өтетін «Туған жерім» республикалық байқауын атап өтуге болады. «Туған жерім» байқауы алғаш рет еліміздің бас мерекесі - Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 2004 жылы өткізілген болатын. Биыл «Туған жерім» жобасына 10 жыл толады. Осы жылдар ішінде байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен дарынды балалар қатысып, дипломдармен марапатталды. Биыл байқау халықаралық мәртебеге ие болды, онда қиыр және таяу шет мемлекеттерден балалар жарысқа түседі. Жоба балалар шығармашылығы арқылы Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуға, қоғамды өскелең ұрпақтың көзімен тануға, болашақты зерделеуге, аға буын өкілдерінің рухани-адамгершілік, эстетикалық құндылығын танып білуге мүмкіндік береді», делінген хабарламада.