Тәуелсіздік күні қарсаңында Тұңғыш Президент музейінде балаларға арналған шаралар өтеді
«Көп жылдан бері бірлесе атқарып жүрген жұмыстардың нәтижесі ретінде Балаларды қорғау күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Түрлі-түсті мозаика» шығармашылық фестивалін және ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында өтетін «Туған жерім» республикалық байқауын атап өтуге болады. «Туған жерім» байқауы алғаш рет еліміздің бас мерекесі - Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 2004 жылы өткізілген болатын. Биыл «Туған жерім» жобасына 10 жыл толады. Осы жылдар ішінде байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен дарынды балалар қатысып, дипломдармен марапатталды. Биыл байқау халықаралық мәртебеге ие болды, онда қиыр және таяу шет мемлекеттерден балалар жарысқа түседі. Жоба балалар шығармашылығы арқылы Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуға, қоғамды өскелең ұрпақтың көзімен тануға, болашақты зерделеуге, аға буын өкілдерінің рухани-адамгершілік, эстетикалық құндылығын танып білуге мүмкіндік береді», делінген хабарламада.