Тәуелсіздік күні: Шығыстың зияткер жас буыны өзара мықтыны анықтады
Шығыс Қазақстан облысының Аймақтық коммуникациялар қызметінен хабарланғандай, жыл сайын Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында облыстың зияткерлері мен энтузиастарының арасында «Мәңгілік ел - болашаққа ұмтылған ел» атты белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық байқауын өткізу дәстүрге айналған.
Байқау тұрақтылықты, тәуелсіздікті, мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтау әрекетіне белсенді және батыл, басқа мәдениет өкілдерімен конструктивті диалог құра білетін жоғары деңгейдегі өзіндік ұлттық сана-сезімі, ұлттық, патриоттық рухы бар, тарихи жады және әлеуметтік жауапкершілігі мол өскелең ұрпақты - қоғамның әлеуетті белсенді мүшелерін тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.
Облыстың әр ауданы қараша бойы балалар арасында «Туған өлке - біздің бастамаларымыздың негізі» әлеуметтік акциясын өткізді. Әлеуметтік акция «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылық бағдарларына сәйкес және өлкетану мəселелерін анықтауға, оқып үйренуге және қаланың (аудан, елдімекеннің, әлеуметтік топтың) мәселелерінің бірін байқау қатысушыларының күшімен әзірлеп шешуге бағытталған.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Крупская атындағы негізгі орта мектеп-интернат базасында Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарынан келген 200 астам көшбасшы мен белсенді конкурстың келесі кезеңіне өткен. Викторина аясында қатысушылар тарих, география, әдебиет және Қазақстан мәдениеті пәндерінен өз білімдерін көрсетті.
Ең байытылған және қызықты болып «Бәсекеге қабілетті, сындарлы, мықты, шығармашыл ХХІ ғасыр Тұлғасы» диалогтік алаңы өтті. Қатысушылар үшін талқыланып жатқан проблемаға өз көзқарасын білдіруге және кейін өздерінің тиімді шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік берілді.
3 айналымның нәтижесі бойынша қатысушы-командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:
Бас жүлдені Риддер ауданының командасы иеленді.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты;
- Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі;
- Зырян ауданы.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көп бейінді гимназиясы;
- Өскемен қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
- Шемонаиха ауданы;
- Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейінің командалары.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Катонқарағай ауданы;
- Семей қаласы;
- Глубокое ауданы;
- Жарма ауданы.
Жыл сайынғы конкурсқа «Не? Қайда? Қашан?» форматындағы «Өз жеріңді танып біл» интеллектуалдық ойыны өз жаңашылдығын енгізді. Қатысушы-білгірлер «миға шабуыл» әдісін қолданып, қойылған сұрақтарға бір минут ішінде дұрыс жауап іздеді.
Ойынның бірінші айналымының нәтижесі бойынша Абай ауданының командасы жақсы нәтиже көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломды иеленіп, естелік сыйлықтармен марапатталды. Ең жоғары балл жинаған Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің білгірлер командасы екінші айналымда көрермендерге қарсы ойын көрсетіп , «Өз жеріңді танып біл» интеллектуалды ойынының абсолютті жеңімпазы атанды. Чемпиондарға марапат ретінде ауыспалы «Дана үкі» білім символы беріліп, әр ойыншы бағалы сыйлықтармен марапатталды.