Тәуелсіздік күніне орай Астанада «ЖУСАН» балетінің премьерасы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана балет» театрының жаңа маусымы үлкен үміт пен тартымды премьералардың маусымы болмақ. Театр өзінің екінші маусымын Тәуелсіздік күніне орайластырылған ұлттық жоба - бір актілі «Жусан» балетімен ашады, деп хабарлады astana.kz.
None
None

Көрермендер қойылымды 10 және 11 желтоқсанда «Астана Опера» сахнасында тамашалай алады. Оған ұжымның барлық труппасы қатысады. «Осы маусымдағы театрдың алғашқы премьерасы Қазақстанның балет өнері тарихындағы ірі оқиға болмақ. Театрдың репертуарында тұңғыш рет ұлттық тарихымызға арналған бір актілі балет қойылды. Осыған дейін қазақ сахнасында түрік тарихына арналған («Әлем» балеті) қойылған болатын, ал халықтың тарихы, дала тарихы балет сахнасында тұңғыш рет сомдалмақ», делінген хабарламада. Бақыт Қайырбековтың жыр жолдары спектакль либреттосының негізін құрады. «Жусан» - авторлық балет. Бұл - жас хореограф Мукарам Авахридің жасаған тұңғыш үлкен еңбегі. Балетті қою жұмысына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Алила Әлішева, Қазақстанның еңбек сіңрген әртісі Айгүл Тати, Удмурт Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Николай Маркелов, педагог-репетитор Зауре Үмбетқұлова ат салысты.

Соңғы жаңалықтар