Тәуелсіздік күніне орай бір топ атыраулық марапатталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Тәуелсіздік күніне орай бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған орай өткен салтанатты жиынға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтады.

«Тәуелсіздік жылдарында еліміз еңсесін тіктеп, ордалы мемлекетке айналды. Әлемге танылды. Осы кезеңде Атырау облысында көптеген жаңа жоба іске қосылып, экономиканың барлық саласында жетістікке қол жетті. Мұның барлығы ел азаматтарының тынымсыз еңбегі мен қолдауының нәтижесінде мүмкін болды», -деді Нариман Таушов.

Салтанатты жиында Президент Жарлығымен елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ азамат марапатталды. Оның қатарында еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Оларға «Халық алғысы», «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальі мен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы

табысталды. Сондай-ақ, бірқатар азамат «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне 100 жыл» төсбелгісіне ие болды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешовтің пікірінше, ел Тәуелсіздігіне барша азамат үлесін қосты.

«Мемлекет басшысы елге сіңірген еңбектеріңізді ескеріп, арнайы медалмен марапаттады.

Бұл құрмет бәрімізді жаңа белеске жетелеп, жігерлендіретіні сөзсіз», -деді Мұрат Өтешов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Исатай ауданында Тәуелсіздік монументі ашылғанын

хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар