Тәуелсіздік мерекесі күндері жылдың үздік қолөнер шеберлері марапатталады
Оның аясында еліміздің үздік қолөнер шеберлері жасаған бұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп xабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Фестиваль барысында "Шебер - 2016" атты республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталады. Бұдан бөлек, ұлттық дизайнерлердің киім топтамаларының көрсетілімі, тегін шеберлік сағаттар және тағы басқа мәдени шаралар өтетін болады. "Бүгінде еліміздің әрбір аймағында 100-200 мықты деген қолөнер шебері бар. Олар барлық шараларға белсене қатысып келеді. Ал "Шебер-Керуені" біз үшін маңызды шаралардың бірі. Себебі ол жерде ұлттық қолөнер саласындағы жұмыстың қорытындысы жасалып, үздік деп танылған шеберлер марапатталады. Сондай-ақ өзара тәжірибе алмасып, кім қандай жетістікке жеткенін көруге мүмкіндік бар", - деді Қазақстан қолөнер шеберлері одағының төрайымы Айжан Бекқұлова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Одақ басшысының айтуынша, бүгінде қолөнер саласында қазақстандық шеберлерге қырғыз, өзбек, тіпті қытай шеберлерімен бәсекеге түсуге тура келі отыр. Сондықтан ұйым басшылығы қолөнер бұйымдарының сапасына баса назар аудару қажет деп санайды. "Мен Қазақстанға сырттан келетін қолөнер бұйымдары сапалы деп айта алмаймын. Сол себепті қазақстандық шеберлер осы саланы толығымен өздеріне қарата алады", - дейді А.Бекқұлова.