Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған көрме ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 сәуірде Астанадағы Тәуелсіздік сарайының көрме залында белгілі суретші-дизайнерлер Галина Беспалова, Жәнібек Нұрбекұлы және Бахыт Бубееваның «Мөлдір бояу - Ару жібек» атты топтамалы өнер туындыларының көрмесі ашылады. Аталмыш іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп жазады astana.gov.kz.
Галина Беспалова - Павлодар қаласының тумасы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем училищесінің көркем-педагогикалық бөлімін тәмамдаған. Суретші-дизайнер шығармашылығының бірқатар бөлігі сулы бояу техникасында орындалған акварель болып табылады.
Сонымен қатар, Г. Беспалованың жұмыстарында батик техникасы ерекше орын алады.
Топтаманың жиынтығы қазақтың ұлттық нақышын қолдану негізінде орындалған. Оның жұмыстары Қазақстан, Беларусь, Германия, Ресей, Франция, Түркия, Израиль елдерінің жеке топтамаларында қойылған.
Көрме қонақтары суретші Жәнібек Нұрбекұлы мен оның жұбайы, дизайнер-сәнгер Бақыт Бубееваның шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алады. Олар Алматы қаласындағы Ж. Нұрбекұлының картиналарында табиғаттың әсем көрінісі, қазақ халқының дәстүрі аса шеберлікпен бейнеленген.