«Тәуелсіздік сарайында» Сәрсенбай Әлиевтің жеке көрмесі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 тамызда Конституция күні қарсаңында «Тәуелсіздік сарайында» Сарсенбай Салменұлы Әлиевтің жеке көрмесі салтанатты түрде ашылады, деп хабарлады «Тәуелсіздік сарайы» баспасөз қызметінен.
Сарсенбай Әлиев 1954 жылы 22 наурызда, Атырау облысы Теңіз ауданында дүниеге келген. Ол 1990 жылдан бастап, журналистер одағының мүшесі. «Қазақ совет энциклопедиясы», «Шаңырақ», «Ақмола», «Негеш» энциклопедияларының көркемдеуші ғылыми редакторы болған.1987 жылдан бастап, республикалық және Халықаралық көрмелерге қатысып келеді.
2001 жылы Атырау облыстық мұражайда жеке көрмесі ашылып, 2004 жылы Ғалымдар үйінде «Ұлар» галлереясында шығармалары таныстырылды. 2007 жылдан бері Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. 2008 жылы «Дала әуендері» деген атпен көрме-аукционға қатысты. 2013 жылы 12 желтоқсан айында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.