Тәуелсіздік туралы 20 дерек: 2003 жыл. Бейбітшілік үшін диалог

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - «23 қыркүйекте Астанада Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен шақырылған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі өтті. Форумға әлемде балама жоқ. Тарихта алғаш рет әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары жиналды. Алғашқы дінаралық форумның жұмысына ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм, буддизмнің беделді өкілдері қатысты.
None
None

Христианның барлық тармақтары, православие, католицизм, протестант, ислам ойларының басты орталықтарын қоса алғанда, суннизм және шиизм, иудаизм және басқа да азиялық діндердің өкілдері таныстырылды. Съезд өркениетаралық және мәдениетаралық диалогтың ғаламдық үдерісіне үлкен үлес қосты. Форум өркениеттер дағдарысын және мәдени және діни айырмашылықтар негізіндегі дау-дамайларды еңсеруге және толерантты, тұрақты әлем құруға, тұрақты дамуға қол жеткізуге әлемдік қоғамдастықтың жұмсаған күш-жігерін сипаттады», - деп жазды ҚР Үкімет басшысы К.Мәсімов Facebook-тегі жеке парақшасында.

Егемендікке қол жеткізген жиырма жылда Сіздің өміріңізде қандай өзгерістер орын алды, 2003 жылы қалаңызда, ауылыңызда қандай қызықты оқиғалар болғаны, тәуелсіздіктің сіздің жеке басыңызға қалай әсер еткені туралы айтыңыздар. Жоба аяқталған соң үздік пікір білдіргендерге бағалы сыйлықтар дайын.

«Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасымен Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және Премьер-Министрдің ресми сайтында http://pm.kz/20 танысыңыздар.

Соңғы жаңалықтар