15:29, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Тәуелсіздік жылдары 880 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алды - М. Тәжин
АСТАНА 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі өтті.

Комиссия отырысында Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мен одан шығуға өтініш бергендердің материалдары, сондай-ақ көші-қон саясатының кейбір мәселелері қаралды.
«Тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстанның азаматтығына 880 мыңнан астам адам қабылданды. Қазақстанның азаматтығын аламыз деп өтініш берген әр елден келген адам санының тұрақты түрде өсуі бұл біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси жетістіктерінің халықаралық аренада танылуының дәлелі»,-деді жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы.
Алқалы жиын қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылданды.