Тәуелсіздік жылдары БҚО өңдеуші өнеркәсібі шамамен 12 есеге дейін өскен

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - БҚО-да өңдеуші өнеркәсіптің тұрақты өсуі мен дамуы қамтамасыз етіліп отыр,

Тәуелсіздік жылдары БҚО өңдеуші өнеркәсібі шамамен 12 есеге дейін өскен

деп хабарлайды pm.kz сайты.

Бұл салада өндіріс көлемі 11,9 есеге өсіп, 7 млрд. теңгеден 83 млрд. теңгеге дейін жеткен.

Сайттың мәліметтеріне қарағанда, тәуелсіздік жылдары республиканың жалпы ішкі өніміндегі Батыс Қазақстан облысының үлесі 2,7 пайыздан 4,8 пайызға дейін артты.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 1995 жылғы 12,3 млрд. теңгеден 2010 жылы 990,1 млрд. теңгеге дейін артты. Облыс кәсіпорындарының өндіріс көлемдерінің тұрақты артуы, жаңа өндірістердің дамуы және қосымша қуаттардың іске қосылуы өнеркәсіптік өнімдердің орнықты өсуіне қолдау болды. Атап айтқанда, жалпы өңірлік ішкі өнімдегі өнеркәсіп саласының үлес салмағы 20,7 пайыздан 53,2 пайызға дейін ұлғайды.

«Жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1995 жылғы 25 млрд. теңгеден 2010 жылы 2048,8 млрд. теңгеге дейін өсті, ал жан басына шаққанда 38,5 мың теңгеден 1730,4 мың теңгеге дейін ұлғайды», - делінген хабарламада.