Тәуелсіздік жылдары ел экономикасына құйылған тікелей шетел инвестициясы 159 млрд. АҚШ долларынан асып түсті

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдары ел экономикасына құйылған тікелей шетел инвестициясы 159 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Тәуелсіздік жылдары ел экономикасына құйылған тікелей шетел инвестициясы 159 млрд. АҚШ долларынан асып түсті

Оның атап өтуінше, Тәуелсіздік жылдарындағы инвестициялық қызметте оң серпін байқалады. ҚР Ұлттық Банкі деректері бойынша тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағымы 1993 жылдан бастап 2012 жылғы І жартыжылдықтағы кезеңге дейін 159 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. 1991 жылдан бастап 2012 жылғы қаңтар-қарашаға дейін негізгі капиталға салынған инвестицияларға қаражат салымдары 38,7 трлн. теңгені құрады.

«Негізгі капиталға инвестициялардың ағылуы қолайлы инвестициялық ахуалдың құрылуымен байланысты және экономикалық өсімнің негізі болып табылады», - деді ол.