12:00, 02 Қаңтар 2012 | GMT +5
Тәуелсіздік жылдары республикада 620 денсаулық сақтау нысаны салынды
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдары республикада 620 денсаулық сақтау нысаны салынды, ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендеді,
туу коэффициенті мен халықтың өмір сүру ұзақтығы артты, деп хабарлады pm.kz. сайты.
Туу коэффициенті (1000 адамға шаққанда) 1991 жылғы 21,5-тен 2010 жылы 22,5-ке дейін артты. Табиғи өсім 1991 жылғы 13,3 пайыздан 2010 жылы 13,6 пайызға көбейді. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 1991 жылғы 67,6 жастан 2010 жылы 68,4 жасқа дейін ұзарды.
Тәуелсіздік жылдары ана өлімі (1000 босанған ана) 1991 жылғы 67,2-ден 2010 жылы 22,7-ге дейін қысқарды. Сәби өлімі (тірі дүниеге келген 1000 бала) 1991 жылғы 27,3-тен 2010 жылы 16,5-ке дейін төмендеді.