09:03, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
Тәуелсіздік жылдары тарихи, мәдени мұрамызға байланысты 500-ден астам жаңа деректер жиналды - Ислам Жеменей
АЛМАТЫ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Тарихи, мәдени мұрамызға байланысты жиналған көптеген деректер әлі күнге дейін ұлттық тұрғыдан сараланбай келе жатыр.

С. Демирел атындағы университеттің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ислам Жеменей кеше Алматыда ашылған «XII-XIX ғасырлардағы Орталық Азиядағы қолжазба кітаптар» көрмесінде осылай мәлім етті.
«Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында қазір тарихи, мәдени мұрамызға байланысты 500-ден астам жаңа деректер жиналды. Оларды өзге елдің зерттеушілері тек өз дүниетанымы тұрғысынан ғана пайдаланып келген. Тарихымыз бен мәдениетіміздің білікті мамандары енді оған ұлттық мүдде тұрғысынан баға беруі тиіс», - дейді И. Жеменей. Ғалымның айтуынша, бұл бір жылда жүзеге асатын жұмыс емес. Оларды қазақшаға аударып, ғылыми айналымға енгізу үрдісі жаңа басталды. Ал сананы өзгерту бірте-бірте жүзеге асатын үдеріс.