Тәуелсіздік жылдарында 170 мыңнан астам медициналық қызметкер біліктіліктерін арттырып, қайта даярлау курстарынан өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1991-2015 жылдары қайта даярлау мен жетілдіру курстарына 170 779 дәрігер, провизорлар, орта медициналық қызметкерлер, денсаулық сақтау саласының менеджерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары қатысты, деп хабарлады www.pm.kz.

Тәуелсіздік жылдарында 170 мыңнан астам медициналық қызметкер біліктіліктерін арттырып, қайта даярлау курстарынан өтті

Соңғы 10 жылда мамандықтар саны үш есеге ұлғайды. Бүгінгі таңда магистратура 3 мамандық, резидентура 27 мамандық бойынша білім береді. Аталған бағыттар ашылғаннан бастап 7 жылдың ішінде 159 магистрант пен 919 резидент дайындалды.

Алматының емдеу-профилактикалық ұйымдарында ҚазҰББУ-ның 70 клиникалық базасы бар. Онда университет мамандары емдеу-диагностикалық және консультативтік көмек көрсетеді.

«Соңғы 25 жылда 340 мыңнан астам паценттер емделіп, 900 мыңнан астам адамға консультативтік қызмет көрсетілді, 130 мыңнан астам адамға ота жасалды», - делінген ҚР ДСӘДМ хабарламасында.

ҚазҰББУ-ның бірнеше кафедралары жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді. Мәселен, 2015 жылы 897 пациентке аталған медициналық көмек көрсетілген болатын.