Тәуелсіздік жылдарында «Болашақ» бағдарламасымен 560 білікті дәрігер дайындалды - Н.Назарбаев

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдарында «Болашақ» бағдарламасымен 560 білікті дәрігер дайындалды. Бұл туралы бүгін ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Тәуелсіздік жылдарында «Болашақ» бағдарламасымен 560 білікті дәрігер дайындалды - Н.Назарбаев

«Осы жылдар ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 560 білікті дәрігер дайындалды. Олардың әрқайсысы адамдарды емдейді, кеңес береді, жас мамандарды тағлымдамадан өткізеді. Мұның барығы денсаулықты дамыту, ана мен балаға қамқорлық, қарт адамдар туралы 20 жылдық жсопарды жүзеге асырудың нақты нәтижесі. Басты нәтиже - өмір сүру ұзақтығы артып, өлім-жітім төмендеді, халық саны өсіп келеді»,- деді Н.Назарбаев.

ҚР Президентінің пайымынша, бұл біздің мақтан тұта аларлық басты жетістігіміз.