Тәуелсіздік жылдарында демократиялық мемлекеттің және нарықтық экономиканың талаптарына сай келетін ұлттық-құқықтық жүйе қалыптасты - Елбасы құттықтауы

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат -  Тәуелсіздік жылдарында демократиялық мемлекеттің және нарықтық экономиканың талаптарына сай келетін ұлттық-құқықтық жүйе қалыптасты.
None
None

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  заңгерлердің республикалық съезіне қатысушыларына жолдаған құттықтауында айтылған. Аталған құттықтауды бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед съезд жұмысы барысында оқып берді.

«Сіздерді съезд жұмысының басталуымен құттықтаймын. Өткізіліп отырған съезд Қазақстанның барлық заңгерлер қауымдастығын жинап отыр. Съезд заңгерлік ғылым мен практика, бизнес қауымдастығы, мемлекеттік аппарат, адвокаттар, нотариус тарабынан келген заңгерлердің, қазақстандық  үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің басын қосып отыр. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы кезеңде бізде заманауи демократиялық мемлекеттің және нарықтық экономиканың талаптарына сай келетін ұлттық-құқықтық жүйе қалыптасты. Бұл істе Қазақстанның мемлекеттілігінің негізін қалаушы заңдар мен институттарды қорғаудың басында тұрған біздің заңгерлеріміз орасан зор рөл атқарды. Халық даналығы айтқандай, біздің күшіміз - бірлікте. Сондықтан, өтіп жатқан съездің күн тәртібіндегі басты мәселе - еліміздің заңгерлер қоғамдастығының басын біріктіру болып табылатын жаңа қоғамдық ұйым құру», - делінген Елбасы құттықтауында.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау саласындағы заңгерлік қоғамдастықтармен қарым-қатынастарды барынша тереңдету қажеттігіне баса назар аударған Мемлекет басшысы съездің жұмысына сындарды да табысты жұмыс тілейтіндігін атап өткен.

Соңғы жаңалықтар