Тәуелсіздік жылдарында республикада 82,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдарында республикада 82,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Тәуелсіздік жылдарында республикада (2012 жылғы 11 айдың есебімен) 82,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 40,5 млн. шаршы метр 801,3 мың пәтерді жеке салушылар тұрғызды», - деді ол.
Ә.Смайыловтың атап өтуінше, 2011 жылы 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 1991 жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға артық.