Тәуелсіздік жылдарындағы елдің жетістіктерін арттыру маңызды - Алматы әкімі

Ы. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Біз 70 жыл астана болған, қазіргі уақытта ғылымның, мәдениеттің және қаржы орталығына айналып отырған керемет қалада тұрамыз. Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Қазақстанның Тәуелсіздігі - өркендеу мен табыстың кепілі» атты дөгелек үстел барысында айтты,

Тәуелсіздік жылдарындағы елдің жетістіктерін арттыру маңызды  - Алматы әкімі

        деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Шараның мақсаты - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етудің негізі ретінде тәуелсіздік, мемлекеттік пен қоғамның бірлігін нығайту идеяларын насихаттау.

         «Алматы дағдарыс кезеңіне қарамастан, республикалық бюджеттiң 30 пайыздық табыс бөлiгiн құрастырды. Бізде мұнай, тау-кен өндірісі жоқ, дегенмен де Алматы республикалық бюджеттің басты  донорына айналып отыр. Ол бұрыннан солай болған және сол қалпында қала бермек, мына дағдарыс уақытында бұл көрсеткіш жоғарылап отыр, бұл азаматтарымыздың еңбегі. Бiзде ғылымның 40 пайызы шоғырланған және банк жүйесінің 60 пайыздық жұмысы біздің қалада жүргізіледі», деп атап өтті қала әкімі.

         Жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық және аудандық құрылым басшылары, білім, денсаулық  және бизнес саласының өкілдері қатысты.