Тәуелсіздік жылдарындағы кемшін кеткен тұстарды ашық айтуға тырысамыз - Бүркітбай Аяған

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдарындағы тарихымызды терең зерттеу қажет.

Тәуелсіздік жылдарындағы кемшін кеткен тұстарды ашық айтуға тырысамыз - Бүркітбай Аяған

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған мәлім етті.

«Кейбір тілшілер Тәуелсіздік жылдарындағы тарихты соншалықты зерттеу қажет пе?, - деген сауалдар қойып жатады. Мемлекет үшін 22 жыл, әсіресе, қазіргі заманда аз кезең емес. Атап айтқанда, дәл осы жылдары Қазақстанда керемет әрі үлкен өзгерістер болды»,- деп тоқталып өтті ғалым.

Тәуелсіздік жылдары елімізде терең реформалар жүргізілгеніне тоқталған Б. Аяған: «Астанамыз ауысты және басқа елеулі оқиғалар болды. Яғни, осындай керемет үлкен жаңалықтарды неге көрсетпеске, неге зерттемеске?»,- деді.

«Бірақ, Тәуелсіздік жылдарын зерттеген кезде біз тек жақсы жағын ғана емес, сонымен қатар экономикалық реформа кезіндегі, әсіресе, 90-жылдардағы жұрттың қиналғаны туралы, басқа де елімізде болған кемшіліктер жайында ашық айтуға тырысамыз. Және ол біздің жазған кітаптарымызда бар»,-деді институт директоры.