Тәуелсіздікке 30 жыл: Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 100 млрд долларға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі 100 млрд долларға жетті.
None
None

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізге 400 млрд доллар шетел инвестициясы тартылды. Мойындау керек, бұл жетістіктің негізінде, бірінші кезекте, Мемлекет басшылығының тұрақтылықтың кепілі ретіндегі тұлғасына деген жоғары сенім жатыр», -деді Үкімет басшысының орынбасары.

Оның пайымынша, Қазақстанның ТМД елдерінің ішінде тартылған инвестицияның бойынша жетекші орында тұруы – заңдылық.

«2002 жылы Қазақстан бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде бірінші болып жетекші халықаралық рейтинг агенттіктері тарапынан инвестициялық тартымды ел деп танылды. Биыл бүкіл рейтинг агенттіктері инвестициялық рейтинг бойынша берген бағаларын растады. Тіпті көптеген көрсеткіштерді Қазақстан Үкіметінің рөлі мен жалпы ел экономикасының тұрақтылығын, сондай-ақ, қаржылық саланың орнықтылығын атай отырып көтерді. Бұл Ұлт көшбасшысы нұсқаған «100 нақты қадам» аясындағы институционалдық реформаларды тиімді енгізудің арқасында болды», - деген Ералы Тоғжанов Astana халықаралық қаржы орталығының бүгінге рөліне тоқталды.

«2018 жылы Astana халықаралық қаржы орталығы құрылды. Ол қазір шетел инвестицияның тарту мен халықаралық деңгейде қаржылық қызмет көрсетудің хабына айналды. Бүгін Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі 100 млрд доллар болып отыр. Бұл елдің халықаралық резервін ұлғайтты», - деді вице-премьер.


Соңғы жаңалықтар