«Тәуелсіздікке тарту жасаймыз» деген қос қазақ боксшысының қарсыластары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тәуелсіздікке тарту жасаймыз» деген қазақтың қос кәсіпқой боксшысы Батыр Жүкембаев пен Абылайxан Құсайыновтың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, қос батырымыз  өздерінің әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларына «16 желтоқсан күні шаршы алаңға шығатындарын, бұл күн ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп тұрғанын жазып, Алла қаласа, Тәуелсіздікке тамаша тарту жасаймыз деген үміттеміз», - деп жазған болатын.

Аталған екі боксшымыз 16 желтоқсан (Астана уақыты бойынша 17 желтоқсан) күні Канаданың Квебек қаласында кезекті жекпе-жектерін өткізеді.

Батыр Жүкембаевтың (6-0, 6 KO) қарсыласы месикалық боксшы - Мануел Марез.

Мануел Марез 1991 жылы туған. Кәсіпқой бокстағы дебют кездесуін 2010 жылдың 13 тамызында өткізіп, техникалық нокаутпен ұтқан. Ал соңғы кездесуін 2016 жылдың 23 қазанында өткізіп, жеңіліске ұшырады. Бүгінге дейін жалпы саны 26 кездесу өткізіп, 16 рет жеңіске жетіп, 10 рет жеңілген. 14 қарсыласын нокаутпен ұтса, 6 қарсыласынан нокаутпен ұтылған.

Ал екінші боксшымыз  Абылайхан Құсайыновтың (3-0, 3 KO) қарсыласы да  мексикалық боксшы - Хесус Перес.

Хесус Перес 1990 жылы туған. Кәсіпқой бокстағы дебют кездесуін 2011 жылдың 9 қыркүйегінде өткізіп, техникалық нокаутпен жеңілген. Ал соңғы кездесуін 2016 жылдың 23 қазанында өткізіп, жеңіліске ұшыраған. Бүгінге дейін жалпы саны 17 кездесу өткізіп, 8 рет жеңіске жетеді, 8 рет жеңіліп, 1 рет тең түскен. 5 қарсыласын нокаутпен ұтса, 4 қарсыласынан нокаутпен ұтылған.

Жекпе-жек Жан Паскаль мен Степан Божич андеркартында өтеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram