Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желілері іске қосылады

АНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Алдағы 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа теміржол желілері іске қосылады.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желілері іске қосылады

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.

«Бұдан бөлек, 2011 жылы Астанадағы «Тальго» компаниясының алғашқы 17 жолаушылар вагоны, яғни теміржол тасымалы бойынша бір құрамы шығарылады. Бұдан кейінгі жылдары осы нысанда жаңадан 100-150 вагоннан шығарыла бастайды. Үкімет осы жобаны жеңілдікпен несиелеу мәселесіне қолдау білдірген болатын», - дейді министр.

Оның айтуына қарағанда, келесі жылы әлеуметтік маңызы зор «Атырау-Астана» жаңа теміржол бағытын іске қосу жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, аталған бағытта жаңа теміржол желісін ашуды бірқатар депутаттар көтерген болатын.