Тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақ елі 2 дүркін Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарды

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік алып, етек-жеңін енді қымтаған Қазақ елінің Олимпиада ойындарындағы жеңістеріне һәм жетістіктеріне  әлем жұртшылығы қызыға әрі қызғана қарауы заңдылық.
None
None

Шындығында да біздің спортшыларымыз қарсыластарына дәл осындай көңіл-күй сылауға лайықты.  Міне, бүгін Лондон Олимпиадасында еліміздің қоржынына 5-ші алтын медаль түсті. Тағы да ауыр атлетіміз алдына жан салмады. Ия, Илья Ильин ерледі. 94 келі салмақ санатында ауыр атлетикадан жарыс жолына шыққан зілтеміршіміз Олимпиада ғана емес, әлем рекордын жаңартып, чемпион атағын жеңіп алды. Ал оның басты қарсыласы атанған ресейлік Александр Иванов Ильяның шаңынада ілесе алмай қалды. Есте болса,  дәл осы спортшы «Спорт экспресс» басылымына берген  сұхбатында: «Ильиннің Лондонда жеңіске жететініне үлкен күдікпен қараймын. Әрине, мен жеңіске жетемін деп отырғаным жоқ. Бірақ оны жеңетін бір атлеттің шығатынына сенем. Ал өз басым, Ильинді мықты спортшы деп санамаймын», - деген еді. Бүгінгі жарыстар нені көрсетті? Дәл осы орыс зілтеміршісі спортшымызға жеңісті қимай отырған салмақ санатында төрт мәрте рекорды жаңартылды. Ал оның авторы кім? Әрине, Илья. Ол серпе көтеру жаттығуында  233 келіні бағындыруы арқылы Олимпиада әрі Әлем рекордын, қос жаттығудың  нәтижесінде 418 келі көтеру арқылы тағы да Олимпиада мен Әлем рекордын жаңғартты. Осылайша, Илья дәл бүгінгі таңда 94 келі салмақ санатында алдына түсер зілтеміршінің жоқ екендігін тағы мәрте дәлелдеді.

Алда әлі талай жарыс бар. Біз боксшыларымызбен қатар грек-рим және еркін күрес шеберлерімізге де зор сенім артамыз. Одан бөлек үш секіріп қарғушы Оьга Рыпаковаға да зор сенім артылып отыр. Алдағы уақытта Қазақстан қоржыны Олимпиада жүлделерімен толыға түсері сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар