18:54, 05 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бірқатар ақмолалық депутаттарға Сенаттың Құрмет грамоталары тапсырылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық мәслихаттың бір топ депутаттарына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасын тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысының төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде ағымдағы мәселелер сөз болды. Сонымен қатар, өңір басшысы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық мәслихаттың бір топ депутаттарына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасын тапсырды. Олардың арасында Сенат бюросының шешімі бойынша тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай отандық заңнама жүйесін дамыту бағытында белсенділік танытқан облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутатты Серік Аяғанов және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті Сағынтай Елубаевтар бар.