Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еліміздің үздік 30 ауылы анықталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұлға-достық» қоғамдық қоры «Үздік 30 ауыл» республикалық жобасын жүзеге асырды. Осылайша әр өңірдегі болашағы зор елді мекендер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еліміздің үздік 30 ауылы анықталды

«Үздік 30 ауыл» жобасының авторы – ақын, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан.

Мақсаты – үздік ауылдарды анықтап, өзгелерге үлгі-өнеге ету, ауылын көркейтуге үлесін қосып жүрген азаматтарды дәріптеу, сол арқылы кәсіпкерлердің, жастардың назарын туған ауылға бұру.

Жоба аясында үздік ауылдар енген анықтамалық альбом жасалды. Оған әр облыстан 2-3 елді мекеннен кірді.

Мәселен Солтүстік Қазақстан облысында Аққайың ауданындағы Дайындық ауылы және Қызылжар ауданындағы Новоникольск елді мекені үздіктер қатарынан көрінді.

Алматы облысының үздік ауылдары:

Қарасай ауданының Шамалған ауылы

Алакөл ауданының Жыланды ауылы

Панфилов ауданының Көктал ауылы

Ақмолаоблысыныңүздікауылдары:

Целиноград ауданының Родина ауылы

Жақсы ауданының Жақсы ауылы

Ақтөбе облысының үздік ауылдары:

Қобда ауданының Қобда ауылы

Мәртөк ауданының Мәртөк ауылы

Атырау облысының үздік ауылдары:

Махамбет ауданының Махамбет ауылы

Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылы

Батыс Қазақстан облысының үздік ауылдары:

Бәйтерек ауданының Дариян ауылы

Тасқала ауданының Шежін ауылы

Жамбыл облысының үздік ауылдары:

Қордай ауданының Әлжан ана ауылы

Т.Рысқұлов ауданының Абай ауылы

Қарағанды облысының үздік ауылдары:

Нұра ауданының Шахтер ауылы

Нұра ауданының Қайнар ауылы

Жаңаарқа ауданының Ералиев ауылы

Қостанай облысының үздік ауылдары:

Қарасу ауданының Қарасу ауылы

Федоров ауданының Федоров ауылы

Қызылорда облысының үздік ауылдары:

Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылы

Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылы

Маңғыстау облысының үздік ауылдары:

Маңғыстау ауданының Онды ауылы

Түпқараған ауданының Таушық ауылы

Павлодар облысының үздік ауылдары:

Шарбақты ауданының Орловка ауылы

Ақсу ауданының Евгеньевка ауылы

Түркістан облысының үздік ауылдары:

Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылы

Кентау ауданының Байылдыр ауылы

Шығыс Қазақстан облысының үздік ауылдары:

Шемонаиха ауданының Камышинка ауылы

Жарма ауданының Шалабай ауылы

Үздік деп танылған ауылдардың өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында марапатталды.